Қазақстандық мергендер Универсиада ойындарын аяқтады. Бүгін садақ атудан командалық бәсекелер өтіп жатыр. Әйелдер құрамасы 1/8 финалда Сингапур құрамасын жеңіп, ширек финалда АҚШ спортшыларынан жеңіліп қалды. Ал ерлер құрамасы болса бірінші айналымда жарыс қожайындарына жол берді. Сол секілді татамиге шыққан дзюдошыларымызда 1/8 финалдан әрі аса алмады.
Әйелдерден 63 келідегі Самалай Ерғалиева әуелі моңғол қызын жеңгенімен, Чехия балуанынан жеңілді. 70 келідегі Кристина Сотникова Литва өкілінен басым түскенмен, Португалия дздошысынан айласын асыра алмады. Ерлерден 73 келідегі Дархан Қойбағар түрік балуанын жеңіп, ширек финал үшін болған белдесуде Франция өкілінен жеңілді. 81 келідегі Азат Күмісбай да жарыс жолын екінші айналымнан аяқтады. Бадминтоннан Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек іріктеуден іркілді.
Асылбек Данияр
