Перизат Қайрат ісі: 47 адам зардап шеккен
Перизат Қайрат ісі бойынша сот отырысында жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тарап өз пікірін айтты. Бірі қатаң жаза сұраса, енді бірі Перизат Қайраттың анасына жеңілдік жасалғанын қалайды. Бәрі де көкке ұшқан қаражатты қайтарып алуды талап етіп отыр. Айта кетейік, бұл істе 47 жәбірленуші зардап шеккен. Ертең де жәбірленушілер жауап береді.
Олжас Садық, жәбірленуші:
Біз 83 миллион теңге жинадық. Перизат Қайраттың тәжірибесіне және уәделеріне сеніп, бұл көмек шынымен мұқтаж жандарға жетеді деп үміттендім. Онымен бірге Абу-Дабиге бардым. Бұл моральдық қылмыс. Ол өзінің заңды бағасын алуы тиіс. Перизат Қайратты жазалауды сұраймын. Ал Ғайни Алашбаеваға келер болсам, ол кісіге жаным ашиды. Денсаулығында кінәрат бар екенін білемін. Сондықтан үйқамақта қалуын дұрыс деп есептеймін.
Дәурен Әбитақын, «Asar-ume» қоғамдық бірлестігінің заңгері:
Қоғамның сеніміне селкеу түсті. Газаға көмек көрсетуді желеу етіп, Палестина елшілігімен келісім-шартқа отырған. Сотта дәлелденгендей, халықтан жалпы көлемі 566 млн теңге жинап, елшілікке тек 7 млн 400 мың теңге аударған. Қалған қаражатты өз керегіне жұмсаған. Сондықтан екі сотталушыны да заңды түрде жазалап, жәбірленушілердің ақшасын қайтаруды сұраймын.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30