Түркияда 2 күн қатарынан орман өртімен күрес жүріп жатыр
Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарья провинциясында орман өрті екі күн қатарынан дес бермей жатыр. Өңірдің Гейве ауданында басталған тілсіз жау Биледжик қаласына ойысқан. Өрттен бірнеше баспанаға зақым келді. Қауіпсіздік мақсатында бірнеше ауылдың тұрғындары басқа жерге көшірілген. Өрт сөндірушілер ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен жалынға қарсы күресті күшейтті. Осы жазда Түркияда жүздеген орман өрті тұтанып, 10 мың адам эвакуацияланды. Ал Измирде ай басында болған өрттен 2 адам қаза тапқан.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15
Рудный қаласының батыс айналма жолы толық жөнделді
21.09.2026, 17:12