Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды сұрады

22.07.2025

Прокурор Перизат Қайратты 10 жыл, ал оның анасы Ғани Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бүгін бұл істе жарыссөз өтті. Сондай-ақ, мал-мүлкін тәркілеп, түскен қаражатты жәбірленушілерге қайтаруды талап етті. Сот шешімімен кінәлі деп танылса, екі Mercedes, Lexus, Haval маркалы автокөліктер қайтарылады. Тізімде коттедж қалашығындағы жеке тұрғын үй, 4 пәтер және автотұрақтағы орындар бар. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында сақтау камерасында тұрған 8 млн теңгесі, Ақтөбе облысында сақтау камерасында тұрған 3,5 млн теңгесі, банк шоттарындағы 166 мың теңгесі тәркіленеді. Ал «Biz Birgemiz» қорының шотында шамамен 32 млн теңгеден астам қаражат бар. Перизат Қайрат негізін қалаған гүл дүкенінің шотында 6 млн теңгеге жуық ақша сақталған. Ал пәтерді тінту кезінде 1 млн 600 мың теңге, 6 мың Қытай июані, 200 млн доллар және 195 дирхам табылды. Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған заттай айғақтарды – яғни зергерлік бұйымдар, брендтік сөмкелер, аяқ киім мен киім-кешегі тәркіленуі мүмкін.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу