Елімізде 2029 жылға дейін 5 пилоттық эндаумент қоры құрылмақ
Елімізде 2029 жылға дейін 5 пилоттық эндаумент қоры құрылмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі айтты. Жалпы капиталы 50 миллиард теңгені құрайтын бұл жобалар жоғары оқу орындары жанынан ашылмақ. Қор қызметкерлері мен активтерін басқаратын мамандар даярлау үшін де арнайы мектеп салынады, деді ведомство өкілі. Сондай-ақ Салық кодексінің жаңа жобасында қор инвесторлары мен жарғылық мақсаттарда жұмсалған қор қаражатына 100%-ға дейін салық шегерімдерін көздейтін нормалар енгізіледі. Гүлзат Көбенованың айтуынша, бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Бүгінде еліміздің ауқатты азаматтары тарапынан әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция салу қажеттігі туындап отыр. Ірі инвесторлар өз қаражатына университеттер, мектептер, ауруханалар салады. Заң мұндай инвесторлар үшін қосымша ынталандыруды қамтамасыз етеді. Депозиттерді сақтау, инфляциядан қорғау, салықтық жеңілдіктер және тағы басқа.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05