Инфляцияны төмендету міндеті өте маңызды және кешенді көзқарасты қажет етеді. Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізкен Премьер-министр осылай деді. Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляция 11,8%-ды құрады, бұл әлемдік нарықтың тұрақсыздығы, тарифтік реформалар, тұтынушылық сұраныстың күшеюі сынды бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты. Бағаның өсуін тежеу үшін Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі қысқа әрі ұзақмерзімді қамтитын шаралар кешені қабылданды. Құжат қараудың соңғы сатысында тұр және Үкіметтің жеке қаулысымен қабылданбақ. Негізгі бағыттардың қатарына ішкі өндірісті ұлғайту, тарифтік саясаттың болжамдылығын арттыру, базалық тауарларға бағаны тұрақтандыру және инфляциялық күтулерді төмендету жатады. Сондай-ақ отандық өндірісті қолдау, ішкі нарықты қамту және сауда үстемелерін бақылау жалғасып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес
