Б.Қаблан жартылай финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Қаблан жартылай финалға жолдама алды

21.07.2025

Универсиада ойындары жалғасуда. Алғаш болып 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде сынға түскен Ришат Жұмағұлов іріктеуден әрі аса алмады. 54.30 секунд уақыт көрсеткішімен 30-орыннан көрінді. 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жарыс жолына шыққан Айбат Мырзамұратов пен Артур Миронов та жартылай финалға өте алмады. Семсерлесуден ерлер құрамасы француз спортшыларынан 45:42 есебімен жеңілді. Үстел теннисінен жұптық сында Айдос Кенжеғұлов пен Зәуреш Ақашева Сингапур спортшыларына жол берді. Каратэден: 74 келідегі Мақсат Орынбасар алғашқы кездесуінде Бразилия өкілінен жеңілді. Қыздардан 62 келіде Айша Әділбекқызы Непал спортшысын жеңіп, 1/8 финалда түрік қызынан жеңілді. Жарысты 1/8 финалдан бастаған 87 келіден жоғары салмақтағы Бейбарыс Қаблан тайпэй өкілінен басым түсті. Ширек финалда түркиялық спортшыны 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Қарсылас Корея өкілі. Финалдың жолдамасы үшін жолатын жекпе-жеке кешкі 8:40-қа жоспарланған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу