Азия ойындарының спорттық бағдарламасы бекітілді
Келесі жылы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарының спорттық бағдарламасы бекітілді. Сары құрлық бәсекесі 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти және Нагоя қалаларында өтеді. Ойындар бағдарламасына 68 дисциплинаны қамтитын 41 спорт түрі кірді. Спортшылар жалпы 460 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу, футбол, теннис сияқты олимпиадалық спорт түрлерімен қатар, аймаққа тән немесе жаңа дисциплиналар да енгізілді. Олардың қатарында киберспорт, брейкинг, Сепактакрау, ушу және кабадди бар. Сондай-ақ жарыстарға бокс, дзюдо, регби-7, ауыр атлетика, қазіргі бессайыс, семсерлесу, скейтбординг, ескек есу, желкенді спорт және жекпе-жек өнерлері сияқты спорт түрлері де енді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09