Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

17.07.2025

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдап, есебін тыңдады. Әлихан Смайыловтың айтуынша, биылғы жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілген. Тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған. Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыныс пен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды. Енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды тапсырды. Бұл ретте оның тиімділігі мен ашықтығына баса мән берген жөн, - деді Президент.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу