ШҚО-да әуежай құрылысы кестеден кешікпей салынып жатыр
Шығыстағы Қатонқарағай ауданында жаңадан салынып жатқан әуежай құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жұмысқа жалданған мердігер мекемелер негізгі күшті ұшу-қону жолағына жұмылдырған. Бұл аумақ 5 метрге дейін тереңдетіліп қазылды. Арнайы техника қазір сол тереңдікті толтырып, іргетасын қалап жатыр. Жақында әуежай терминалы мен қоймалардың құрылысы басталады. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен салынып жатқан стратегиялық нысан жоспар бойынша 2026 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Әуежай ашылған соң өңірге келетін туристердің саны қазіргіден бірнеше есе артады деген болжам бар. Ал құрылысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылған.
Қанат Әбдірахманов, көлік жүргізушісі:
Мұның алдында сыртта жұмыс істегенбіз. Әуежай ашылғалы үйдің қасынан жұмыс табылды. Өрнек ауылында 30 адамдай жұмыс істейміз. Қол жұмысы бар, жүргізушісі бар. Арнайы техника айдайтын қызметкерлер де бар.
Нұржан Ескендіров, мердігер мекеме өкілі:
Жердің батпақты қабатын алып, орнына қиыршық тасты топырақ салып жатырмыз. Бұл ұшу-қону жолағы болғындықтан, табаны өте мықты болуы керек. Тереңдігі 5 метрден артық. Ұзындығы - 700, ені - 500 метр болады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05