Павлодарда «Еңбек батыры» облыстық байқауы қорытындыланды
Павлодарда Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған «Еңбек батыры» облыстық байқауы қорытындыланды. Шара екі ай бойы жалғасып, 35 жасқа дейінгі 30 үміткер қатысты. Олар өз біліктілігін қағаз жүзінде немесе бейнебаян арқылы емес, кәдімгі өндірістік тәжірибеде көрсетті. Қазылар алқасы жеңімпаздарды өнертапқыштық қыры бойынша бағалады. Жобалары сызба ретінде қалып қоймас үшін өндірісте қолдануға мән берді. Мәселен, Жанат Жангелді – Қазақстан алюминий зауытының жылу орталығында еңбек етеді. Жас маманның еңбегі «Кәсіби серпіліс» номинациясы бойынша үздік деп бағаланды.
Жанат Жангелді, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сарапшысы:
Біздің инвестициялық жобаларымыз Павлодар қаласының жылу маусымына тікелей әсер етеді. Соған байланысты бір реконструкция жасап жатырмыз. Реконструкция аяқталғаннан кейін 50 гегакалорияға дейін жылу энергиясы көбейе түспек.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16