Ел экономикасы 6 айда 6,2 пайыз өсім көрсетті
Ел экономикасы 6 айда 6,2 пайыз өсім көрсетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі рекордтық деңгейге жетіп, соңғы 12 жылдағы жалпы ішкі өнімнің өсуінің ең жоғары көрсеткіші болды. Нақты сектордағы өсім 8 пайыз болып, қызметтер өндірісі 5,2 пайызға өскен. Негізгі драйверлер – көлік және құрылыс салалары. Сауда жанданып, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу секторы және ауыл шаруашылығы бағытында оң өзгеріс бар.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет тарапынан жүйелі шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Инвестицияларды белсенді түрде тарту түрлі салаларда аса маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды бастауға ықпал етті.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17