Президент Премьер-министрдің орынбасарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Премьер-министрдің орынбасарын қабылдады

15.07.2025

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады. Ол өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берді. Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндады. Бұл облыстар арасындағы байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысын жеткізді. Жоба аясында 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы және жалпы қуаты 7,3 Гигават болатын қосымша генерация көздерін іске қосу қарастырылған. Ал Президент өңірлерді теңгерімді дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірыңғай цифрлы экожүйе енгізу, су саласын цифрландыру сынды бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу