Түркістан облысында 32 мың гектар жер тамшылатып суару жүйесіне қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 32 мың гектар жер тамшылатып суару жүйесіне қосылды

14.07.2025

Түркістан облысында алғаш рет бір мезгілде 32 мың гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілді. Отырар ауданында жүзеге асқан жоба өзге шаруаларға кеңінен таныстырылды. Мақташылардың басқосуында сондай-ақ салаға заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру мен су үнемдеудің жолдары үйретілді. Түрлі тыңайтқышты тиімді пайдалану мен мақта өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайы сөз болды. Халықаралық талаптарға бейімдеу жолдары талқыланды.

Айта кетейік, өңірде 2025-2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластерін құру көзделген. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық ірі жоба негізінде 4 мақта өңдеу мен толыққанды тоқыма кешені жүзеге асады.

Атап айтқанда, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Сержан Тастанбеков, серіктестік директоры:

Мынандай жерде, қиын жағдайда мақтаны өсіріп, осылай жайқалтып қою деген өте үлкен еңбек. Келесі жылдан бастап барша шаруалар осы жаңа технологияларға өтуі керек, міндеттіміз. Біріншіден, жерді тиімді пайдалансақ, екінші - өнімді арттыру. Үшінші - суды үнемдеу.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу