Елімізде жұмыссыз жастар қайта даярлаудан өтіп жатыр
Елімізде 450 мыңнан астам адам жұмыссыз. Бұл – халықтың 4,6 пайызы. Бұл Ұлттық статистика бюросының дерегі. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздар көп. Осы ретте, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Соның аясында мамандығы бойынша жұмыс істемеген немесе бұрын істеп қазір бос жүрген жастар үшін қайта оқыту ұйымдастырылған. Оқуға қатысушыларға шәкіртақы төленеді. Жұмыс орны басқа қалада болса, жолақы мен баспана жалдау шығындары өтеледі. Сондай-ақ кәсіп бастағысы келетіндерге – 1 миллион теңгеден астам көлемде грант қарастырылған. Ол үшін бизнес жоспарды қорғау қажет.
Нысанбай Сисен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында тұрақты жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі. 1000 түлекті техниклық және кәсіптік білім беру, яғни колледж аяқтаған түлектерді еліміздің ірі компанияларына жұмысқа орналастыру секілді шаралар ұйымдастырылған. Бірінші жарты жылдықтың есебінде, жалпы 500-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Блогерлер өткізетін ұтыс ойындарын мемлекет бақылай ала ма?
27.10.2025, 20:32
Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
27.10.2025, 17:56
Әлем чемпионаты Таеквондодан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті
27.10.2025, 17:00
Еуропарламент депутаттары Республика күнімен құттықтайды
27.10.2025, 16:56
Брюссельдегі «Manneken pis» мүсініне қазақтың шапаны кигізілді
27.10.2025, 16:55
Астанада ақын Қадыр Мырза Әлінің мұрасы насихатталды
27.10.2025, 16:54
Қонаев қаласында 550 дрон мемлекеттік рәміздерді бейнеледі
27.10.2025, 16:53
Шымкент қаласының тұрғындары Республика күнін тойлады
27.10.2025, 16:52