«Ұлттық шұғыл медицина орталығы»: 3 мыңға жуық науқасқа қызмет көрсетті
5 ай бұрын ғана ашылған Астанадағы «Ұлттық шұғыл медицина орталығы» 3 мыңға жуық науқасқа қызмет көрсетіп үлгерген. Заманауи техникалармен жабдықталған мекеме 30-ға жуық бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұндағы ұшақтар мыңнан аса науқасқа көмек көрсету үшін көкке көтерілген. Тіпті, төтенше жағдай кезінде Түркия, Вьетнам, Германия, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттердегі өз азаматтарымызды шұғыл тасымалдаған. Мәселен, жақында Египетте жүрек талмасы ұстаған отандасымыз жеткізілді. «Жедел көмектің арқасында жағдайы қалыпқа келді», - дейді дәрігерлер. Бұл орталық еліміздегі санитарлық авиация тоқтайтын өз алаңы, өз ангары бар жалғыз медициналық мекеме. Мамандар алдағы уақытта орталық жұмысы заманға бейімделіп жандана береді -дейді.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13