АҚШ-та мигранттарға қарсы рейдтер қақтығысқа ұласты
АҚШ-тың Калифорния штатының Камарилло қаласында жүргізілген рейдтер мигранттардың құқығын қорғаушылардың наразылығын тудырды. Ашынған белсенділер демонстрацияға шығып, федералдық агенттермен қақтығысқан. Мұндай оқиға Санта-Барбара қаласында да болған. Тәртіп сақшылары мен ұлттық гвардия жауынгерлері рейдті фермаларда, соның ішінде марихуана өсіретін алқаптарда жүргізіп, жүзден астам адамды ұстады. Құрама Штаттар үкіметінің дерегінше, ауыл шаруашылығына тартылған жұмысшылардың жартысына жуығы елде заңсыз жүр. Сондықтан олар АҚШ аумағынан шығарылуы керек. Алайда фермерлердің сөзінше, мигранттар жаппай депортацияланатын болса, астық жиналмай, нарыққа өнім жеткізу қиындап кетуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13