Халықаралық Футбол федерациясы жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстан Ұлттық құрамасының нәтижесі бұл жолы да қуантпады. 113-орыннан 114-орынға төмендеді. FIFA рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер бар. Португалия құрамасы 7-орыннан 6-орынға көтеріліп, Нидерландыны ығыстырды. Германия мен Хорватия құрамалары да бір-бір саты жоғарылап, Италия құрамасын ондықтан шығарып тастады. Көш басында әдеттегідей Аргентина, 2-орында Испания болса үздік үштікті Франция құрамасы қорытындылайды. Айта кетейік, Али Алиевтің жетекшілігіндегі команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында үш ойын өткізді. Солтүстік Македониядан 0:1, Уэльстен 3:1 есебімен жеңілді. Ал Лихтенштейннен 0:2 есебімен басым түсті. Қазір футболшыларымыз «J» тобының турнир кестесінде төртінші орынға жайғасқан. Енді жігіттер келесі матчтарын қыркүйек айында өткізеді. 4 күні өз алаңында Уэльс құрамасын қабылдаса, 7-і Бельгиямен сырт алаңда ойнайды.
Асылбек Данияр
