20 мыңнан астам қазақстандық әскер қатарына алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 мыңнан астам қазақстандық әскер қатарына алынды

11.07.2025

Әскерге шақырудың көктемгі науқаны аяқталды. Биыл көктемде шамамен 10 мың адам Қарулы Күштер қатарына алынса, Ұлттық ұланға 7 мыңнан астам сарбаз шақырылған. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 2500, Төтенше жағдайлар министрлігіне 391, ал Мемлекеттік күзет қызметіне 290 жас жіберілген.

 Аманғали Шегебей, №68665 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері:

Әскери борышымды өтеуге келген кезде әскери өмір оңай болмады, үйренісе алмадым. Бірақ әскери өмір күндер өте берген сайын, тереңдей берген сайын қызықты бола бастады. Қаруды қалай қолдану керек екенін, қаруды қалай ұрысқа келтіру керек екенін үйрендім.

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, 27 мыңнан астам әскерге шақырылушы заңды себепсіз әскерден жалтарып, іздеуде жүр. Осыған байланысты арнайы рейдтер ұйымдастырылады. Министрлік өкілі «көшеден ұстап әскерге алып кету» қаншалықты заңды деген сауалға да жауап берді.

Фархад Айдарбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының орынбасары:

Шақыру қағазын түпкілікті нақты үйінде беру керек, үйінде болмаса берілмейді деген сөз жоқ. Көшеден баланы тоқтатып, ЖСН арқылы тексергенде әскерге шақыруға жарамды болатын болса, әскерден жалтарып келмей жүрген азаматтар болса, оларды әрине күштеп әкетеді. Күштеп әкелген кезде Ішкі істер органдарына салынады. Әскери комисариатқа, жергілікті әскери басқару органдарына салынбайды.

Елдос Есенбол


Хабарламаларға жазылу