Жартылай финалистердің есімі белгілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жартылай финалистердің есімі белгілі

10.07.2025

«Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, сербиялық теннисші Новак Джокович Уимблдонның жартылай финалына жолдама алды. 38 жастағы спортшы осымен 14-рет финалдың жолдамасы үшін бақ сынайды. Бұл «Үлкен дулығаның» рекорды болып есептеледі. Әлемнің 6-ракеткасы ширек финалда, рейтингте өзінен 18 саты төмен тұрған италиялық Флавио Коболлиді 3:1 есебімен тізе бүктірді. Новактың жартылай финалдағы қарсыласы әлемдік рейтингтің көшбасшысы, тағы бір италиялық Янник Синнер. Олар 2023 жылы дәл осы Уимблдонның жартылай финалында кездескен. Сол кезде Новак 6:3, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жеткен. Янник болса, ширек финалда АҚШ өкілі Бен Шелтоннан басым түсті.

Әйелдерден Польша өкілі Ига Швентек ширек финалда ресейлік спортшы Людмила Самсонованы жеңді. Бұл Иганың Уимболдондағы бірінші жартылай финалы. Оның қарсыласы, швейцариялық Белинда Бенчич. Белинда ширек финалда орыс қызы – Мирра Андреевадан басым түсті. Әйелдер финалистерді бүгін анықтайды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу