Қайырымды қарияға мүфтият қажылық сапарға жолдама сыйлады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымды ісі мен имандылықтың жарқын үлгісін көрсеткен Павлодардағы 94 жастағы қарияға алғысын білдіріп, қажылық сапарына жолдама сыйлады. Мүфтият атынан берілген аманатты Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы ақсақалға арнайы барып тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, Сағадат Жұмабаев 13 жылдан бері Павлодар қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Туыс-туғаны жоқ. Кеше ол өзінің қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратып берген еді. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден үлестірді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17