Трамп Украинаға қайта қару жөнелтетінін мәлімдеді
Америка Құрама Штаттары Украинаға қайтадан қару жөнелтуге кіріседі. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл арсенал Украинаға майдан даласында күшейіп келе жатқан Ресейден қорғану үшін қажет. Пентагон да мәлімдеме жасап, Украинға қорғаныс қаруын жіберетінін хабарлады. Алайда, Вашингтонның осы жолы Киевке беретін әскери көмегіне не кіретіні белгісіз. Өткен аптада Трамп украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен еді. Содан кейін Америка лидері Украина аспанын қорғау үшін Киевке «Пэтриот» зымырандары қажет екенін атап өтті.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04