Павлодарда 60-тан астам тұрғын қаржы пирамидасына алданды
Павлодарда 60-тан астам тұрғын қаржы пирамидасына алданған. Олардың саны әлі көбеюі мүмкін. Тұрғындардың қолды қылған ақшасы 80 млн теңгеге жуықтаған. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметіне қарағанда пирамидаға қаржы салғандарға ай сайын пайыздық үстеме және әр жаңа адамды әкеп тіркегені үшін 10 пайыз бонус берілген.
Ғалиасқар Қасымов, облыстық Экономикалық тергеп -тексеру департаменті бастығының орынбасары:
Инновациялық технологияны дамытуға арналған жарнамалық фирмаға ақша салғызған. Ол үшін арнайы сайт ашып, салымшылар өздері құйған қаржының қаншалықты өсіп отырғандығына онлайн бақылау жасап отырған. Бірақ есеп-шотта көк тиын қаржы болмаған. Бірден қолма-қол ақшаға айналдырып, қалтаға салған. Ұйымдастырған екі адам ұсталды.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04