Кампалада университетінің оқытушысы қоқысты өнер туындысына айналдырды
Уганда астанасы Кампалада университет оқытушысы, суретші әрі экология жанашыры пластик пен металл қалдықтарды өнер туындысына айналдырып жүр. Осылайша, Рейган Кандоле қоршаған ортаны қорғау мен қоқысты кәдеге жарату мәселесіне қоғам назарын аударуды мақсат еткен. Айтуынша, оның тазалық проблемасымен айналысуына студент кезінде көшелерде ғана емес, өзі оқыған факультетте де қоқыстың жиналмауы себеп болыпты. Кандоле тұрғындар арасында қаланың ластануы туралы әңгіме қозғау үшін қазір түрлі қалдықтардан құрастырылған мүсіндерін халық көп жүретін жерлерге қойып жүр. Және де ол шәкірттері жинаған пластик шөлмектерді аяқ астына төсейтін кілем тоқуға да қолдана бастаған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07