«Уақыт» көрмесі: 40-қа жуық туынды қойылған
Елордада қылқалам шебері Ахмет Ахаттың «Уақыт» атты көрмесі өтіп жатыр. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Көрмеде 40-қа жуық туынды қойылған. Оның әрқайсысы түркі халықтарының шежіресімен, ертегі, әдебиетімен тікелей байланысты. Бір ерекшелігі, автордың 70 жылдық мерейтойы да дәл осы айтулы оқиғамен тұспа-тұс келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ахмет Ахаттың шығармашылығына қызығатын халық көп. Әсіресе, жастардың тарихи туындыларға деген ықыласы ерекше. Көрме 4-тамызға дейін жалғасады.
Жанна Енсебаева, Өнер галереясының директоры:
Ахмет Ахатпен бірлесе жұмыс істеп келе жатқанымызға 19 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Еуропаның көптеген елінде көрме өткіздік. Ондағы мақсатымыз – еліміздің сурет өнерін өзгелерге таныту, таныстыру. Автордың «Күлтегінге», Жібек жолы бойындағы көне қалаларға арналған туындылары тіпті шетелдіктерді де бей-жай қалдырмайды. Осы қарқынмен әлі де жұмыс істей беруге ниеттіміз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07