Қызылордада тамыз айында жаңа стадион ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада тамыз айында жаңа стадион ашылады

08.07.2025

Қызылордада салынып жатқан жаңа стадион тамыз айында пайдалануға беріледі. Аймаққа барған Мәжіліс депуттаттары футбол аренасының құрылысын көріп, жергілікті спортшылармен кездесті.

Стадион 11 мың орынға лайықталған. Ерекшелігі – аренада жеңіл атлетикалық жүгіру жолағы болмайды. Яғни, трибуна жасыл алаңға жақын орналасқан. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталып, қысы-жазы ойнау үшін алаңның астыңғы қабатына жылыту жүйесі жүргізіліп жатыр. Жаңа стадионда жергілікті «Қайсар» футбол командасы ойнайды. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері тек қазақстандық аяқдопшылармен жасақталған клубтың басшылығы және ойыншыларымен кездесіп, бірқатар мәселені назарға алды.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазақстанда бірінші легионерлерден бас тартқан команда бірақ біз байқағанымыз футбол әділетті болу керек. Өкінішке қарай, футболға әлі сын бар. Ішіндегі төрешілер әртүрлі мақсаттармен түсініксіз бірақ бізге командаға кедергі жасағысы келеді. Неге? Ол бірінші кезекте легионерлердің артында тұрған лоббистер.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында жаңа «Ақжайық» шағын ауданы салынып жатыр. Мәжіліс депутаттары қала іргесіндегі жаңа аудан құрылысымен танысты. Кең аумақта 76 үй салынуы керек. Қазір 8 баспана бой көтерген. Онда 360 отбасы тұрып жатыр. Болашақта жаңа ауданда 50 мың халық тұрады деп жоспарланып отыр. Әлеуметтік нысандар құрылысы да қалыс қалмайды. Әрқайсысы 1500 балаға арналған үш мектеп, үш балабақша, емхана салынады. Жол құрылысы да қарқынды. Инженерлік желілер тартылған. Құны 2 млрд теңге болған кәріз сорғы станциясы салынып, іске қосылды. Тұрғын үйлер «Отбасы банк» арқылы 2,5 пайыз арзандатылған несиемен беріледі.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қашан да, қай уақытта да алда тұратын сұрақ – халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі. Осыған байланысты жасалып датқан іс-шараның көрінісі. Жақсы мөлтекаудан салынып жатыр екен. Тұрғын үймен қатар ол жерде балабақша, мектеп, денсаулық сақтау орындары – олардың барлығы болуы тиіс. Барлығы қаралған.

Әділбек Серікұлы
Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу