Каспийде балық қырылып жатыр
Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген балықтар табылды. Табан, қаракөз, шабақ пен кефаль балықтары Түпқараған ауданы Баутин және Аташ елді мекеніндегі теңіз жағалауында қырылып жатыр. Облыстық Экология департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып, сынамалар алған. Әзірге нәтижесі шыққан жоқ. Осы оқиға бойынша тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақ балықтардың жаппай қырылуы экологиялық апат екенін айтты.
Әділбек Қозыбақ, «ECOJER» қауымдастығы аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы:
Бұл деген теңізде бір ластанудың бар екенін көрсетеді. Теңіздің қай жерінде ластану болғанын дәл сол жерде тексермесе, ол басқа жерден тексеру дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан бұл жерде теңізде жұмыс жасап жатқан барлық компанияларға қатаң түрде бақылау жұмыстары жүргізілуі керек және ол бақылау жұмыстарына міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар қатыстырылуы керек.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07