Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған гала-концерт өтіп жатыр
Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған гала концерт өтіп жатыр. Бас қаланың үздік домбырашылары мен жас өнерпаздар дәулескер күйші-композиторлардың туындаларын бір мезетте орындайды. Әріптесім Жанел Нұрболатқызы гала концерттен тікелей эфирге қосылуға дайын.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Астаналықтар сан ғасырдың сипатын сыңғыр үнмен жеткізген ұлттық аспапты ұлықтауға жиналды. Қазір орталық саябақта 400-ден астам оқушы Құрманғазының әйгілі «Адай» мен «Балбырауын» күйін бір мезетте орындайды. Жас өнерпаздар «Дала рухы», «Есіл Нұра» секілді бүгінгінің бірегей туындаларын да көпшіліктің назарына ұсынбақ.
Домбыра - ұлт рухының үніне айналған аспап. Киелі мұра Астанада ғана емес, барлық өңірлерде кешелі бері ерекше ұлықталып жатыр. Құрметті Астаналықтар, дәл қазір сіздер де есілдің жағасында өтіп жатқан концертке келіп, арқаның қоңыр күйін тыңдауға келіңіздер.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17