АҚШ президенті Дональд Трамп дамушы елдердің БРИКС тобымен одақтасқан кез-келген мемлекетке қарсы тарифті 10 пайызға көтеретінін ескертті. Себебі, Құрама Штаттар лидері бұл ұйымның саясатын «антиамерикалық» деп есептейді. БРИКС-ті 2009 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай бірігіп құрды. Кейін оның құрамына Оңтүстік Африка, Иран, Эфиопия, Индонезия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері кірді. Жалпы алғанда, БРИКС-ке әлемнің 30 елі серіктес немесе толық мүше ретінде қосылуға ниет білдірген. Сондықтан бұл блоктың жескенбі күні Рио-де-Жанейрода ашылған жиынының салмағы артып отыр. Форумға қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі, Халықаралық валюта қоры тәрізді жаһандық институттарды реформалау туралы үндеу жасады. Сонымен қатар, БРИКС өкілдері көпжақты дипломатияның жақтастары ретінде Газаға, Иранға, Кашмирге жасалған шабуылдарды айыптап, АҚШ-тың әскери және сауда саясатына сын айтты.
Арыстан Рысбек
