Бүгін Астана күні. Астана күнін тойлауға есепсіз қаражат бөлінгені, абаттандырудан өзге, көп шараның мән-мағынасыз болғаны өтірік емес. Иә, астананың жарқырап тұрғаны жақсы. Бірақ сол тірліктің бәрінің контексті риясыз қуанта алмайтын.
«Астананың гүлденгені – Қазақстанның гүлденгені» дегенде «Астана гүлденсін, алайда Қазақстан да гүлдесін» дегенді 20 жыл бұрын эфирден айттық.
Ал жалпы, астананың Арқа төсіне көшірілгені дұрыс қадам екенін көпшілік жоққа шығармайды.
Қазір пафос та, басқа да жоғалғандай көрінеді. Кейбір көшелерді жөндеу ұзаққа созылып кететіні болмаса, жалпы абаттандыру қызады. Жақсы. Ұйымдастырылатын мәдени шаралар бұрынғыдай ағыл-тегіл ақшаны елестетпейді. Бұл да жақсы.
Бүгін мысалы, «Арғымақ» ипподромында алыптар сайысы өтті. Елдос Есенболдың репортажы.
Елдос Есенбол
