Маусым айының соңында Сенатта сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайтын заң жобасы қабылданды. Сталкинг деген не?
Бір адам екінші адамға жүйелі түрде маза бермей телефон соқса, аңдыса, әлеуметтік желілерде мансұқ етіп отырса, тіпті қорқытып, үркітсе – сталкинг деген сол. Зәбір көрушінің өмірі өмір болмайды.
Жүйке тозып, әлгі қай жерден шыға келеді?- дірілдеп жүрген не өмір? «Осындай әрекеттердің соңында ауыр қылмыс жасалмауы үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындап отырмыз» деді бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.
Қандай жаза қарастырылады? - десек, сталкинг жасаушы айыппұл төлейді немесе 90 тәулікке дейін қамалады.
Буллинг, харрасмент... Қоғамда сталкинг проблемасы да бар. Нақты мысалдармен Раушан Сайлауқызы түсіндіреді.
Раушан Сайлауқызы
