Астана халқы 2 млн-ға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халқы 2 млн-ға жуықтады

05.07.2025

Бүгінде Астана халқының саны – 2 млн-ға жуықтады. Соңғы 4 айдың өзінде 23 мың адам бас қалаға көшіп келген. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, биыл 11 балабақша қолданысқа беріледі. Осылайша бөбекжайларда 3 мыңға тарта жаңа орын пайда болады. Сондай-ақ жаңа оқу жылында 15 мектеп білім алушылар үшін есігін айқара ашады деп жоспарланып отыр. Ал былтыр 24 білім ордасы бой көтеріп, оның 16-сы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты. Қазір қалада «Арай» электр қосалқы станциясы мен «Тельман» газ жылу стациясының құрылысы жүріп жатыр. Бұған дейін де бірқатар газ, ауыз су станциялары салынған. Айта кетейік, Астана жұмыс орнымен қамтамасыз ету бойынша көшбасшы қала. Биыл 1-жартыжылдықта 16 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 10 мың адам қамтылды. Оның тең жартысы – 35 жасқа дейінгі жастар. Елорданың жеке табысы былтыр алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Қала экономикасының негізгі тірегі - шағын және орта бизнес.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу