Павлодар облысында зорлық-зомбылық көрген әйелдер азайып келеді
Былтыр қабылданған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заң нәтижесін бере бастады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова Павлодарға барған сапарында айтты.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа заң әйелдер мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған және оларға қатысты кез келген сипаттағы әлімжеттік үшін жауапкершілікті күшейтеді. Тіпті жәбірленушілер шағым түсірмесе де, тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша іс қозғалады. Ажар Бақытқызының айтуынша, балалары бар әйелдер әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығына барады. 50 орындық мекемеде қазір 12 адам ғана бар. Онда оларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ажар Сағындықова, Мәжіліс депутаты:
Мені қуантқаны - адам санының аздығы. Демек былтыр Мәжілісте қабылданған заң күшейген сипатта қолданыла бастағаннан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік туып отыр. Үйден қашу, қуып шығу дерегі азайған. Бұл орталық ғимараты ескірген екен. Бірақ соққы көрген аналарға тынығып, күш жинап, ең бастысы арқа тірер тіреніш барын сезіне алуына бар жағдай қарастырылған.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04