«Алтын адам» - әлем музейлерінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын адам» - әлем музейлерінде

17.07.2018

Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» тарихи жәдігері Қытай халқының зор қызығушылығын тудырды. Қытай елінің Сиань қаласында Қазақстан Ұлттық музейінің  көрмесі өтуде. «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты іс-шараның басты экспонаты осы – «Алтын адам».

Бұдан бөлек, экспозицияда  «Тақсайдың алтын ханшайымы»  мен  орта ғасырларда қазақ жерінен табылған теңдессіз зергерлік бұйымдар көпшілік назарына қойылған.  Бұл  көрме  осы күнге дейін Беларусь, Ресей және Әзірбайжан музейлерінде өткізілді. Әрі қарай жыл аяғына дейін Польша мен Оңтүстік Кореяда болады деп жоспарланып отыр. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу