Қызылордада мұражай жәдігерлері 3D форматта көрсетіледі
Қызылорда облысының мәдениет саласында сандық технология жүйесі кеңінен қолданысқа еніп келеді. Бүгінде аймақта 194 тарихи ескерткішке QR код қойылып, интернет желісі арқылы мол мағлұмат алуға болады.
Ал биыл жаңа заманауи ғимаратқа көшкен облыстық тарихи-өлкетану музейі ең соңғы үлгідегі мультимедиалық қондырғылармен жабдықталған. Экспозициялық залдарға жасанды интеллект элементтері қолданылып, үлкен лэд экрандар қойылған. Яғни, өңірдің өткенінен сыр шертетін тарихи оқиғалар мен құнды жәдігерлерді келушілер енді 3D форматта тамашалай алады.
Сапар Көзейбаев, облыстық Тарихи-өлкетану музейінің директоры:
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазіргі таңда 70 мыңға жуық құнды жәдігерлеріміз бар. Мінекей, осылардың барлығы АС музейі бағдарламасы іске қосылып, цифрлық форматқа көшіріліп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12