Иран үкіметі 2024 жылдың наурызынан бері 1 млн 200 мың ауғанстандықты еліне депортациялаған. Бұл көш тәліптер билігіндегі Ауғанстандағы қиын жағдайды тіпті нашарлатпақ. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариаты ескертті. Сонымен қатар, АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдары да күніне он мың ауғанстандықты Ислам-Қала шекара бекеті арқылы Гератқа қашуға мәжбүрлеген. Қазір Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал өте күрделі. Сарапшылардың ойынша, бұл мемлекетте босқындар үшін жағдай мәз емес. Шатыр мен азық-түлік тапшы және жолдар өте нашар. Бұған қоса, жұмыссыздық салдарынан Ираннан оралған ер адамдарға отбасын асырау қиынға соғуы мүмкін. Ал әйелдер күнделікті өмірде қатаң тыйымдарға тап болып, қыз балалар мектепке бара алмайды деген болжам айтылып отыр.
Арыстан Рысбек
