Ширек финалға жолдама алған футбол командалары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ширек финалға жолдама алған футбол командалары белгілі болды

02.07.2025

Испанияның «Реал Мадрид» командасы клубтар арасындағы әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалында италиялық «Ювентус» клубын жеңді. Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де матчта небәрі бір ғана гол соғылды. Бұл голды 54-минутта Гонсало Торрес салды. Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалдың соңғы жолдамасына Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы мен Мексиканың «Мантеррей» командасы таласты. Германиялық команда бірінші кезеңде белсенді болды. Команда сапынан Серу Гирасси ойынның 14 және 24-минутында мергендік танытты. Қарсыластардан Херман Бертераме 48-минутта бір голмен жауап қайырды. Қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырған «Боруссия Дортмунд» жарыстың келесі сатысына жолдама алды. Ширек финал матчтары 4 және 5 шілде күндері өтеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу