Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды

02.07.2025

Қазақстандық боксшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды. 48 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз ширек финалда өзбек қызы Фарзона Фазилованы жеңді. Кезекті қарсылас – жапониялық Хикару Шинохара. Жекпе-жек 5 шілдеде өтеді. 51 келіге дейінгі салмақтағы қазіргі Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова АҚШ өкілі Джениффер Лозаномен бокстасты. Бірінші раунда басымдық отандасымызда болса, екінші раунда керісінше төрешілер қарсыласты көтермеледі. Алайда Алуа соңғы раундта намысқа тырысып барын салды. Ширақтығы мен дәл соққы дарыта білуінің арқасында ширек финалға өтті.

80 келідегі Гүлсая Ержан ширек финалда сүрінді. Ол өзімен деңгейлес үндістандық боксшыдан жеңілді. Ал ерлерден 50 келідегі Санжар Тәшкенбай жапониялық Кота Шидайдан басым түсті. Жеңісті жолды 85 келідегі Бекзад Нұрдәулетов те жалғастырды. Ол Аустралия өкілінен басым түсті. Енді кешкі сессияда әйелдерден 60 келіде Виктория Графеева мен 65 келіде Аида Әбікеева шарша алаңға шығады. Ал ерлерден 65 келіде Ертуған Зейнуллинов пен 90 келідегі Сағындық Тоғамбай рингке көтеріледі. Жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу