Отбасының цифрлық картасы: 202 мың адамға қызмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасының цифрлық картасы: 202 мың адамға қызмет көрсетілді

02.07.2025

Биыл Отбасының цифрлық картасы арқылы 202 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл қандай да бір өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар - еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған жағдайда баланың тууына және оның 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек, жерлеуге арналған біржолғы төлем. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерін алу, «қандас» мәртебесі және жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту шаралары автоматты хабарламалар арқылы іске асырылады. Бүгінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Куляннам Мұқатова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы:

Бала туды немесе өзі мүгедектікке шалдықты немесе зейнетке шықты. Сол уақытта отбасы цифрлық картасы сол статусты көріп, хабарлама жібереді. 1414-тен хабарлама келеді. Осындай мәртебе бар, осындай көмекке жүгіне аласыз деген. Хабарламаға жауап берсе, онда автоматты түрде сол кісіге қолдау көрсетіледі.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу