Әзербайжан қауіпсіздік күштері ресейлік он шақты азаматты тұтқындады. Олар есірткі тасымалы мен киберқылмыс үшін ұсталған. Бұл рейдті оңтүстіккавказдық республиканың мемлекеттік телеарнасы көрсетті. Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің қамалғандарды босату үшін келіссөз бастауды көздеп отырғанын мәлімдеді.
Мәскеу мен Баку арасындағы шиеленіске өткен аптада Екатеренбургте жүргізілген рейд барысында екі әзербайжандықтың қаза табуы себеп болды. Ресей тергеушілеріне сенсек, олардың біреуі жүрек талмасынан қаза тапты. Екіншісі неден мерт болғаны белгісіз.
Марқұмдардың мәйіті дүйсенбінің кешінде Бакуге жеткізілді. Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі ағайындылардың аяусыз соққыдан жан тәсілім еткенін анықтаған.
Арыстан Рысбек
