Трамп: Израиль Газадағы атысты 60 күнге тоқтату шартымен келісті
Израиль Газа секторындағы атысты 60 күнге тоқтату туралы келісім шарттарына келісті. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Құрама Штаттар лидері оның қандай шарттар екенін нақтылап айтпаса да, ымыра туралы ұсынысты Қатар мен Мысыр өкілдері «Хамас» жасақтарына тапсыратынын мәлімдеді.
Бұның алдында Ақ үй Израильдің стратегиялық жоспарлау министрі Рон Дермердің Газа секторы мен Ирандағы жағдайды және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың АҚШ-қа сапарын талқылау үшін Вашингтонға барғанын хабарлады. Ал сейсенбіде Трамп Нетаньяхудың Газадағы әскери әрекеттерді тоқтатқысы келетінін айтқаны мәлім.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12