Халық саны жарты жылда 87 мың адамға көбейген
Елімізде халық саны жарты жылда 87 мың адамға көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір жалпы халық саны 20 миллион 370 мың адамнан асқан. Тұрғыны ең көп қала – Астана. Жыл басынан бері бас қалаға 38 мыңдай адам көшіп келген. Алматы мен Шымкентке де қоныс аударғандар бар. Алматы халқының саны шамамен 23 мың адамға көбейсе, Шымкентке 18 мыңнан астам тұрғын келген. Ал Солтүстік Қазақстан, Түркістан мен Абай облыстарында керісінше, адам азайған. Жарты жылда аталған өңірлерден 3 мыңдай адам көшіп кеткен.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15