Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қалай құлағаны туралы хат жарияланды
Ресейдің әскери қызметкері Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қалай құлағанын, бұйрықты кім бергенін егжей-тегжейлі баяндап, хат жазған. Оны әзербайжандық Minval басылымы жариялады. Айтуларынша, хатта Embraer 190 туралы ештеңе жазылмаған. Бірақ, «атып түсіру керек» деген нақты нысана болған. Жазбаның авторы капитан Дмитрий Паладчук оны көргенде бірден әскери бөлімге хабарлап, «жойып жіберіңдер» деген бұйрық алғанын айтады. «Бірінші ракета нысанға тимеген, бірақ, оқ екінші рет атылғанда ұшақ құлады», - деп жазады Паладчук.
The Insider басылымының мәліметінше, Дмитрий Паладчук шынында да Ресейдің әскери бөлімдерінің бірінде қызмет еткен. Ол хатты өз қолымен жазғанын телефон арқылы растаған.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15