«Ұнайды маған» мегажобасының іріктеу кезеңі өңірлерде жалғасты
«Qazaqstan» телеарнасы қолға алған «Ұнайды маған» мегажобасының іріктеу кезеңі өңірлерде жалғасты. Бүгін Петропавл қаласында тележобаға кастинг оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.
Ел ішінен таланттарды іздеген өнер бәйгесіне жасы 18-ден асқан ерекше дауысы бар дарындылар қатыса алады. Бүгін үміткерлер камера алдында 2 ән орындады. Бірі – қазақ тілінде болса, екінші туындыны өз қалауы бойынша таңдады. Естеріңізге салайық, байқау еліміздің ірі қалалары мен облыстарда ұйымдастырылады. Мәселен, ертең кастинг Өскемен және Көкшетауда өтеді. Сыннан сүрінбегендер телевизиялық жобаға шақырту алады.
Аружан Ерденова, жобаға қатысушы:
Осы «Ұнайды маған» тележобасының кастингіне қатысуға келдім. Музыкалық мамандығым болмаса да, кішкентай кезімнен ән айтқанды жақсы көремін. Қатты қобалжыдым. Бірақ күйеуім мен балаларым мені қолдауға келді.
Ақжүніс Мұқатай, жобаның үйлестірушісі:
Елімізде «Ұнайды маған» атты мегажоба бастау алған болатын. Бүгінде жобаның кастингі Қызылжарда да өтті. Оффлайн кастингке 10-ға жуық қатысушы келді. Оның жартысы кәсіби болса, қалғандары әуесқой қатысушы. Негізі қатысушылардың дайындығы жақсы екені көрініп тұр. Барлығы белсенді қатысты.
Болат Аманбаев
Эльмира Кәленова
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16