Ақтөбе облысындағы «Мәртөк» бекетінде жүк көліктері Ресейге өте алмай кептелісте тұр. Бұл кадрларды Төтенше жағдайлар министрлігі таратты. Құтқарушылар әскерилер жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетіп, ыстық тамақ таратқан. Олардың дерегінше шекарадағы кептеліске визасыз өтуге мүмкіндік беретін жаңа жүйе - QR кодтар себеп болған. Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын дәл осы Ақтөбе облысының «Жайсаң» шекаралық өткізу бекетінде жүздеген жүк көлігі бірнеше тәуліктен бері өте алмай тұрғанын көрсеткен едік. Сол кезде де көлік жүргізушілері жуырда енгізілген электронды кезекке шағымданған болатын. Ал облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары шекарадағы көлік кептелісіне негізінен жол жөндеу жұмыстары себеп болды деген еді.
Жанел Өтеулі
