Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы жалғасуда. Жарыстың екінші күнінде рингке шыққан Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды. 55 келіге дейінгі салмақтағы жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда оңтүстіккореялық Шин Дже Енмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 2-раундта Махмұд қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша отандасымыз жүлдеге бір қадам жақындай түсті. Жеңісті жолды 80 келідегі былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай да жалғады. Ол 1/8 финалда әзербайжандық Мурад Аллахвериевті жеңді. Қарсыластар бұған дейін 4 рет белдескен. Барлығында қазақ боксшысы басым түскен. Ал әйелдер арасында 54 келідегі Әнел Сақыш екінші жекпе-жегінде былтырғы Азия чемпионы, өзбек қызы Феруза Казаковадан жеңілді. Бүгін кешкі сессияда тағы 3 отандасымыз рингке шығады. Олар: 75 келідегі Надежда Рябец, 60 келіде Серік Теміржанов, 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай.
Асылбек Данияр
