Лондонда өтіп жатқан теннистен Үлкен Дулыға турнирі қазақстандық теннисші Юлия Путинцева үшін аяқталды. Отандасымыз ә дегеннен-ақ алғашқы айналымда сүрінді. Еліміздің екінші ракеткасы Уимблдонда бірде-бір геймді өз еншісіне жаза алмады. Әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен болған ойында 0:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Матч бар болғаны 45 минутқа созылды. Кейінірек белгілі болғандай, Путинцева ойын кезінде көрермендер арасында біреудің аңдып жүрген көріп, сексеніп қалыпты. Тіпті матчты тоқтатып, төрешіден пышақ болуы мүмкін адамды алаңнан қууды сұраған. Қауіпсіздік қызметі жағдайды реттесе де, эмоцияға берілген жерлесіміз өз деңгейінде ойын көрсете алмады.
Айта кетейік, Путинцева бұл жарыста 77 220 еуро мен 10 рейтингілік ұпайға ие болды.
Асылбек Данияр
