Қала күніне орай Астанада жаңа саябақ ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала күніне орай Астанада жаңа саябақ ашылды

01.07.2025

Қала күніне орай Астанада аумағы 7 мың шаршы метр болатын шағын саябақ ашылды. 2 айға созылған құрылыс жұмыстары халықты әбігерге салса да, бүгін маңайында тұратын 40 мыңнан аса тұрғын қуанышқа кенеліп отыр. Өйткені саябақтың өзі ғана емес, айналасына 170 көлікке арналған автотұрақ та салынған. Сондай-ақ жанындағы №5 мектептің кіреберісін кеңейтіп, балалардың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалыпты. Бұрын бұл жер мүлдем абаттандырылмаған, бос орын еді. Әкімшілік тағы дәл осындай бірнеше демалыс аумағын ашуды жоспарлап отыр.

 Талғат Рахманберді, «Байқоңыр» ауданының әкімі:

Биыл осындай қоғамдық кеңістіктердің 8-ін ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Ауданымызда 88 ауланы абаттандырудан өткіземіз. Ол 88 ауланы 18-і толығымен жаңа аула болса, 70 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға орташа есеппен бюджеттен 1,5 млрд-қа жуық ақша бөлінді.

Төлеген Қуанышев, қоғам белсендісі:

Осы жерді бір абаттандырып, зейнеткерлер, көпбалалы ата-аналар демалыстайтын орын болса екен деген сұраныс болды. Содан біздер, белсенділер, әкім атына хат жолдағанбыз. Ол кісі қолдап, бас-аяғы 2 айдың ішінде бүгінгі сән-салтанатқа жетіп отырмыз. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу