Ақтөбе жастары су қоймаларының айналасын күл-қоқыстан тазартты
Ақтөбеде «Таза жағалау» акциясы өтті. Жастар су қоймаларының айналасын күл-қоқыстан тазартты.
Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл шараға отыздан астам студент қатысты. Олар алдымен «Ақтөбе» су қоймасына барды. Бұл қала тұрғындарының жиі келіп дем алатын жері. Сондай-ақ балықшылар да көп. Өкініштісі, олардың арасында тазалық мәдениетіне немқұрай қарайтындары да кездеседі. Сондықтан жастар бір жинап кеткен аумаққа екінші қайтара келуге мәжбүрміз дейді. Жалпы қала бойынша биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында 332 шара өткізіліп, 9 мың адам қатысқан.
Әлішер Садық, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:
Біз алдын ала келіп көріп кеттік. Кеше осы акция жүретін жерімізді қарап. Себебі 20 күн бұрын ғана тазалаған жеріміз, қайтадан бүлініп қалған. Сол себептен бүгін облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары және «Жасыл ел» жасақтары бірігіп, осындай «Таза Қазақстан» акциясын жүргізіп жатырмыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09