Қытайдың Сычуан провинциясында 73 мыңдай тұрғын эвакуацияланған
Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуан провинциясында жауын құйып, бірнеше ауданды топан су басты. Соңғы мәліметке сүйенсек, тасқынға байланысты кейінгі үш күнде 73 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланған. Мұны Сычуанның геологиялық апаттардың алдын алу және бақылау кеңсесі хабарлады.
Қазір елді мекендерді тасқын судан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Си-си-ти-ви» телеарнасының дерегінше, тасқыннан үйлер мен дүкендер ғана емес, егістік алқаптары да зардап шекті.
Айта кетсек, соңғы күндері Қытайдың оңтүстігінде жауыннан өзендердің деңгейі күрт көтеріліп, Юньнань, Гуйчжоу, Гуанси, Хайнань тәрізді провинцияларда да адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, алтауы қаза тапты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12